FAST FORWORD2023 M02 24 Тексерілген: сауалнама түпнұсқасы бар· Мұрағаттан көшірілген
Анна — FAST FORWORD туралы пікір
Артур, 7 жас
Орыс тілінен аудармаПікірдің түпнұсқасы мен жүктелген файлдарды осы беттен көруге болады.
«Балам өзі білетін барлық тілде: орыс, украин, ағылшын тілдерінде бірден жақсы оқитын болды. Маңдайша жазулар мен жарнамаларды оқи бастады.»
Бағалар
- FAST FORWORD сабақтарының пайдасы
- 5.00/ 5
- FAST FORWORD-ты ұсынуға дайындық
- 5.00/ 5
- FAST FORHOME маманының сүйемелдеуі
- 5.00/ 5
5.00 / 5 · негізінде 3 жауап
Сауалнама жауаптары
- FAST FORWORD туралы қайдан білдіңіз?
- «Пластичность мозга» кітабынан
- Неге FAST FORWORD-ты таңдадыңыз?
- Себебі, менің ойымша, бұл — сөйлеуінде кінәраты бар балаларға арналған, бүгінгі таңдағы ғылыми негізделген және тәжірибе жүзінде дәлелденген жалғыз нейротүзету әдісі. Әрі біз басқа «бос нәрселердің» бәрін байқап көргенбіз.
- Сатып алу алдында күмән болды ма?
- Жалғыз уайымдағаным — ағылшын тілі еді. Бірақ демо-нұсқасын байқап көрген соң, бүкіл күмәніміз сейілді. Техникалық жағынан балаға планшетпен жұмыс істеген ыңғайлырақ екен. Біздің жағдайда компьютер мен тінтуір байланысы тиімсіз болды, үнемі қасында отыруыма тура келер еді. Сол себепті планшет сатып алуға біраз уақыт кетті.
- Шешуші фактор не болды?
- Біле алмадым. Біз ең қолайсыз уақытта бастадық. Соғыс. Жарық пен байланыстың жоқтығы. Үйде емеспіз, отбасылық жағдайымыз да күрделі, бірақ күнделікті сабақтар біз үшін «осы жерде және дәл қазір» деген бір тірек болды.
- FAST FORWORD көмегімен қандай мәселені/мәселелерді шештіңіз?
- Сөйлеуді фонематикалық қабылдаудың бұзылуы, сенсорлық-моторлық алалия, аграмматикалық сөйлеу, диалогтық сөйлеудің болмауы.
- Қатар басқа әдістемелермен немесе мамандармен айналыстыңыз ба?
- Қосымша ештеңе жасамадық. Бірақ бұрын сүйек арқылы өткізетін құлаққаппен жоғары жиілікті аудиоынталандыру бағдарламасынан және сенсорлық-моторлық интеграциядан өткенбіз.
- Қандай нәтижелерді байқадыңыз?
- Балам өзі білетін барлық тілде: орыс, украин, ағылшын тілдерінде бірден жақсы оқитын болды. Маңдайша жазулар мен жарнамаларды оқи бастады. Жақсы жазатын (дәлірек айтсақ, сөздерді теретін) болды, хабарламаларды өзі жазып, мультфильмдердің атын теретін болды, есту қабілеті жақсарды. «Екінші қабатқа көтеріліп, көк сөреден жасыл кесені алып кел» деген сияқты күрделі тапсырма бергенде, мелшиіп тұрып қалмайды. Әрине, сәл абдырайды, бірақ барып орындайды.
- FAST FORWORD-қа күмәнданатын ата-аналарға не кеңес бересіз?
- Күмәнданбаңыздар, қайталап айтамын, қазіргі таңда бұл — сөйлеуге қатысты нейро-бұзылыстардың барлық дерлік түрін түзетуге арналған, қолдан жасалған емес, жоғары деңгейлі жалғыз ғылыми әдіс. Ақшаны ББҚ-ларға, емші-домшыларға, балгерлерге және басқа да пайдасыз бос нәрселерге шашуды доғарыңыздар. Сеніңіздер, ғылыми тәсіл — ең тиімді әрі дәлелді базасы бар әдіс.
- Сабақтарды сүйемелдеу жұмысында нені жақсартар едік?
- Жеке маған бәрі 100% ұнады.
- сөйлеу және сөйлеу дамуы
- фонематикалық қабылдау
- сөйлеу және сөздік қоры
- есту қабылдауы
- оқу және мәтінді түсіну
Сауалнама түпнұсқасы
Түпнұсқаны толық көру үшін нобайды басыңыз.
FAST FORWORD
Толығырақ