← Барлық пікірлерге
FAST FORWORD2022 M11 5 Тексерілген: хат/хабарлама түпнұсқасы бар· Мұрағаттан көшірілген

Анна — FAST FORWORD туралы пікір

Артур, 7 жас

Орыс тілінен аудармаПікірдің түпнұсқасы мен жүктелген файлдарды осы беттен көруге болады.

2022 M11 5

Қайырлы күн! Бізде жағдай былай болып тұр: Артур Hungry Tommy мен Packing Pigs ойындарының бәрін 100%-ға тез орындап тастады... ары қарай оқып жатырмыз, бірақ ол ойындар оған қатты ұнайды. Солардың біреуін жай ғана ынталандыру үшін қайта қосуға бола ма? Аюды сағынып, шошқаны қосып беруімді сұрап жүр. Нәтижесіне келер болсақ, ол мен күткеннен де асып түсті. Тіпті, айналысып жүргенімізге бір аптадан сәл асқанын ескерсек те. Бағдарлама нағыз супер-интеллект екен, баланың мүмкіндігіне қарай өте сауатты, дәл әрі мұқият икемделеді екен. Оған қоса, кейбір бағдарламалар бір-бірінің орнын түрлі қырынан толықтырады екен. Артурға келетін болсақ, әрине, әріптер, сөздер, пішіндер мен түстер оған оңай беріліп жатыр. Ал дыбыстар мен фонемалар – өте қиын, бірақ бәрібір нәтижесіз емес. Басында қатарынан екі дыбысты естімейтін сияқты көрінген жаттығулар болса, бір-екі сабақтан кейін бұл «ойын» оған ұнай бастады. Whalien Match ойынындағы дыбыстар бұрын бір-біріне ұқсас ботқа сияқты еді, қазір ажырата алатын деңгейге жетті. Houdini-де бастапқыда артық карточкалар не үшін барын мүлдем түсінбейтін, қазір – әлдеқайда жеңілдеді. Оның үстіне, әр жаттығудағы өз ұпайын, жұлдызшаларды және т.б. байқай бастады, бұрын мұндай ынталандыратын дүниелерге мән бермейтін. Осы аптаның ішінде фонемаларды жақсырақ «ести» бастады және маңдайшадағы жазуларды, жазбаларды жиі оқитын болды. Жұмыстарыңызға рақмет! Құрметпен, Сахно Анна.

Хат немесе хабарлама түпнұсқасы — 2022 M11 5

Түпнұсқаны толық көру үшін нобайды басыңыз.

2022 M12 16

Сәлеметсіз бе! Бүгінгі қуанышыммен бөліспекпін. Артурдың оқуы әлдеқайда жақсарды! Бұрын буындап жазылған мәтінді арнайы таңдап беретін болсам, бүгін компьютерде ірі қаріппен жазылған кез келген сөйлемді өзі-ақ оқи берді. Әріптерді де жақсы танитын болыпты. Кітаптағы баспа әріптер дәптердегі жазба әріптерден және өзіміз жазатын баспа әріптерден мүлдем басқаша ғой, содан болар, бұрын әріптің қай жерден басталып, қай жерден аяқталатынын түсінбей, оны бөлшектеп қарайтын. Оны оқумен көптен бері, тіпті мүлдем қинамаған едім, сондықтан болар, бүгінгі нәтиже бірден көзге көрінді. Тіпті оқулықтағы тақпақты да оқып берді — бұл деген үлкеееен жетістік! Шіркін, сөйлеуі де осылай жақсарып кетсе ғой.

Хат немесе хабарлама түпнұсқасы — 2022 M12 16

Түпнұсқаны толық көру үшін нобайды басыңыз.

  • сөйлеу және сөйлеу дамуы
  • оқу және дислексия
  • когнитивтік функциялардың дамуы
  • сөйлеу және сөздік қоры
  • оқу және мәтінді түсіну

FAST FORWORD

Толығырақ